«Тіл – достықтың құралы»
Жыл сайын 22 қыркүйек күні елімізде Тілдер күні аталып өтеді. Осы күні №37 мектепте «Тіл – достықтың құралы» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында тілдерге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Оқушылар өз білімдерін «Мақал-мәтел», «Полиглот» сайыстарында және «Сен білесің бе?» атты кезеңдерде көрсетті. Сайыс барысында оқушылар жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.