Рухани жаңғыру: Өскелең ұрпақтың дара жолы
Қазан айының 10 күні 7 «В» сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру: Өскелең ұрпақтың дара жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.Шара аясында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, постер қорғады.