Жас Қыран және Жас Ұлан қатарына қабылдау
Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінде салтанатты түрде Жас Қыран қатарына 289 оқушы, Жас Ұлан қатарына 145 оқушы қабылданды.
Мақсаты:
- - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- - балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- - танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- - жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.