Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сұлтанбетсұлтан Баһадүрдің 310 жылдық мерейтойына арналады
22-01-2020 10:08
Сұлтанбетсұлтан Баһадүрдің 310 жылдық мерейтойына арналады

2020 жылдың 22 қаңтарында «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласындағы № 37 мектептеXVIII ғасырдың көрнекті саяси қайраткері Сұлтанбет сұлтан Баһадүрдің 310 жылдығына арналған «Алашқа айқын аймақтың арысы» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, жоғары патриоттық сезімдерін  қалыптастыру, батырлардың азаттық күрес жолындағы ерлік істерін насихаттау. Шараға 6,10-сынып оқушылары, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, К. Бекхожин, Қ.Мақпалеев, № 17, 18, 19, 26, 41 мектеп кітапханашылары қатысты.

Кешке С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторыСауле Насенқызы Мамытова, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту секторының меңгерушісіМейрам ТөлегенұлыНұғыман,«Сарыарқа Самалы» газетінің тілшісі Жансері Съезбек, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Фарида ШаймарданқызыБықайСұлтанбет сұлтан Бахадүрдің қазақ-жоңғар  шапқыншылығы кезіндегі батырлық істері, оның қазақ халқының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.Фарида Шаймарданқызы «Сұлтанбет сұлтан: мемлекет қайраткері, дипломант және батыр» атты монографияны мектеп кітапханасынасына тарту етті. 6-сынып оқушысы, «Абай оқулары»(2019 ж.) қалалық байқауының жеңімпазы Ыңғайбек Жұлдыз Сұлтанбет сұлтан Бахадүрге арналған «Арнау» өлеңін оқыды. Мектептің домбыра оркестрінің орындауында«Көңіл ашар» күйі тыңдалды.

Шара соңында мектеп директоры барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қонақтарға ынтымақтастық үшін алғыс хаттар тапсырды.