02.03.2020 жылы № 28 жалпы орта білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі қалалық Абай оқулары өткізілді. Сайыстың басты мақсаты: ұлы Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау және мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс 6 номинация бойынша өткізілді.
№ 37 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары барлық номинацияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсам, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша 9-сынып оқушысы Айтым Ерасыл
( жетекшісі Г.А.Дюсенбина) ІІ Дәрежелі Диплом, , «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Елемесова Гульназ ІІ Дәрежелі Диплом (жетекшісі С.Б.Умрахимов), «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Қайдар Саяжан ІІ Дәрежелі Диплом ( жетекшісі Г.А.Дюсенбина), «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша Сурумбетова Камила Құрмет грамотасымен (жетекшісі Г.А. Исакова) марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз