Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
23-09-2020 20:42
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Бүгін 23.09.20 Қазақстан халқы тілдері күндеріне орай Павлодар қаласының халық радиосында тілші Рысбек Естай мен мектебіміздің қазақ тілінің жоғары санатты мұғалімі Умрахимов Сакен Балтековичпен бірге   Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы басты мәселелердің бірі «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты тақырыпта бағдарлама болып өтті.  
Бағдарламаның  мақсаты: латын тіліне көшудің маңыздылығын көрсету, латын әліпбиіне көшудің артықшылығы мен кемшілігін ашу, тілді меңгерудің тиімді жолын қарастыру.латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу.
Сұхбат барысында, қазақ тілі маманы Сакен Балтекович бірнеше қойылған сауалдарға (атап айтқанда,  «Латын әліпбиінің шығу тарихы», «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы», «Латын әліпбиінің ерекшелігі», «Латын әліпбиінің көшудің қиындық жақтары» сынды сұрақтарға) жауап берді.  
«Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу туралы көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет. Бұл – заман талабы. Бастысы, әркім өз ісімен айналысуы керек. Сол үшін неше таңбаны пайдаланған жөн, ол жағын ғалымдар зерттеп, дәлелдеп, тиімді тұсын ұсынсын. Екінші мәселе, қыруар қаражат қажет дедік. Бұл мәселені шешу – үкіметтің міндеті. Ал әр саланың мамандары өздеріне жүктелген міндетті бұлжытпай орындап, жүйелі жұмыс істеуі тиіс. Біз, қазақстандықтар көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймын» деп өз сөзін қорытындылды. С.Умрахимов.