"Жасөспірім"
Ата-аналар комитеттерінің өкілдері сынып жетекшілерімен бірге балалардың өмір сүру жағдайымен танысу мақсатында оқушылардың пәтерлеріне барып жүр. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Осы кезең барысында іс-шара бойынша сынып жетекшілері құқықтық сағаттары, оқушылармен және ата-аналармен жеке әңгімелер ұйымдастырды."Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында мектепте Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің УПИ Азамат Кенжаханұлы Насымхановпен бірлесіп 7-9 сынып оқушыларымен "Полиция мектебі" сағаттары өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу болып табылады.