Жазғы мектепте

Жазғы мектепте 1-сыныпта «Жиһаз» атты ағылшын тілі сабағы өтті. Мақсаты: тақырып бойынша лексикалық дағдыларды жаттықтыру және бекіту; тақырып бойынша тыңдау және айтылу дағдыларын жаттықтыру; тақырып бойынша лексикалық және грамматикалық дағдыларды жетілдіру. Оқу дағдыларын дамыту. Жаңа сөздермен танысу (жиһаз бөліктерінің атаулары); жазу дағдыларын дамыту; сөйлеу дағдыларын дамыту (монологиялық және диалогтік сөйлеу); тыңдау дағдыларын дамыту. Ізгі ниеттілікке, жауапкершілікке, өзара көмекке тәрбиелеуге ықпал ету; ағылшын тілін үйренуге мотивациясын арттыру.