«Менің Қазақстаным»
10 «А» сыныбында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік нышандарын, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін талқылап, Отанның болашағы туралы өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағаты оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриоттық сезімін және еліне деген мақтанышын дамытуға ықпал етті.
Сынып жетекшісі: Буцыгина Наталья Вячеславовна
