Құттықтаймыз!
«#39 жалпы орта білім беру мектебінде» оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, эрудициясын және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған «Академиктер кубогы» зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Жігер» балаларға арналған қосымша білім беру орталығы.
КГУ «№21 орта мектебінің» 5 «Д» сынып білім алушылары финалдық кезеңде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, зияткерлік ойынның жүлдегерлері атанып, құрметті III орынды иеленді.
Қатысушылар дүниежүзілік тарих пен мәдениет саласы бойынша терең білімдерін көрсетті, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттері мен командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын айқын таныта білді.
