«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында № 21 орта мектебін КММ-де көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары бойынша көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде ұсынылған шығармалардың бірі – «Тағдыр» романы. Аталған туындыда күрделі тарихи кезеңдер, адам тағдыры, ұлттық рухтың қуаты, туған жерге адалдық және азаматтың өз халқына деген жауапкершілігі көркем түрде кеңінен суреттеледі. Автор шығарма кейіпкерлері арқылы отансүйгіштік, адамгершілік таңдауы, ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерін көтереді.
Аталған акция оқуға қызығушылықты арттыруға, отандық әдебиетті насихаттауға, білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және қоғамдағы мәдени бірлікті нығайтуға бағытталған.
Баршаңызды акцияға белсенді қатысып, «Тағдыр» романын оқуға, оның мазмұнын талқылауға және өз ой-пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
