Таза Қазақстан
3 «В» сынып оқушылары — табиғатты аялауды қолдайды.
Экология — бұл біздің ортақ үйімізге деген қамқорлық. «Таза Қазақстан» әрқайсымыздан басталады: таза ауладан, көрікті көшеден және суға, жерге, ауаға ұқыпты қараудан бастау алады. Біз қоқыс тастамауды, табиғи ресурстарды үнемдеуді, өсімдіктер мен жануарларға қамқор болуды үйреніп жүрміз.
Бүгін табиғатты сақтай отырып, біз Отанымыз — Қазақстанның жарқын да салауатты болашағын қалыптастырамыз.
Қазақстанымыз әрдайым таза, жасыл әрі көрікті болсын!
