Коучинг
Коучинг барысында талқылаудың негізгі өзегі ретінде өзекті мәселе қарастырылды: көптеген білім алушылар тезисті тұжырымдау, дәлелдерді іріктеу және жазбаша ойды логикалық тұрғыдан жүйелі құрастыру кезінде қиындықтарға тап болады.
Іс-шара барысында мұғалімдер дәлелді жазылымға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, білім алушылар жиі жіберетін қателерді талдады, практикалық тапсырмалар орындады және оқушыларды идеядан толыққанды эссе жазуға дейін сүйемелдеудің тиімді стратегияларын талқылады.
Коучинг кәсіби диалог пен ынтымақтастық атмосферасында өтіп, қатысушылардың әдістемелік қорын толықтырып, мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңа тәсілдерді қолдануға ынталандырды.
