6 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «№21 ЖББОМ» КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында «Балалардың бұзушы сыртқы әсерлерге төзімділігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста қарастырылған мәселелер:
-Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер — әлеуметтік желілердің, деструктивті қауымдастықтардың ықпалы, құрдастар қысымы.
-Балаларды қауіпті жағдайларға тартылудан қорғау — уақтылы алаңдатарлық белгілерді байқау және баланы қолдау жолдары.
-Тиімді қарым-қатынас — ашық сұрақтар техникасын меңгеру, сенім мен түсіністікті нығайту.
-Отбасы мен мектептің өзара әрекеті — баланың психологиялық төзімділігін қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдар.
Ата-аналарға қазіргі заманда балаларының сенімді тірегіне айналуға көмектесетін практикалық құралдар, кеңестер мен ұсыныстар берілді.
