Қазақ тілі апталығы
Мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аканова К.Ж. жүргізді.
Іс-шара барысында мұғалімдер оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен танысты. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы пікір алмасып, топтық жұмыстар орындап, сабақта қолдануға болатын түрлі белсенді әдістер қарастырылды.
Коучинг қатысушыларға жаңа идеялар ұсынып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
