АПҚК
Қауіпсіз балалық шақ – ересектердің назарынан басталады.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 3–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ – ата-ананың қамқорлығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында балалардың физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және ақпараттық қауіпсіздігі, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудағы отбасының рөлі және үйде сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды.
Ата-аналар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, баланы күнделікті қолдауға арналған практикалық ұсыныстар алды.
