"Наурыз - 10 игі іс"
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың мерекесі. Осы мереке аясында ұйымдастырылған «Он игі іс» акциясы барысында 10 «Б» сынып оқушылары Ана мен бала үйіне барып, өз қолдарымен дайындаған жақсылық себетін сыйға тартты. Балалардың бұл қамқорлығы аналардың жүрегіне жылулық сыйлап, қоғамдағы мейірімділік пен адамгершіліктің жалғасатынына зор сенім ұялатты.
