Сенім телефоны
8 7182 608350
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Айкын нәтиже»
17-03-2026 16:13
«Айкын нәтиже»
2026 жылғы 16 Наурызда "№ 21 жалпы орта білім беру мектебі" КММ акт залында "Айқын нәтиже" жобасы аясында Павлодар қаласының прокуратурасымен бірлесіп мектеп әкімшілігі ұйымдастырған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері, сондай-ақ учаскелік инспектор Құсайн Нұрлыбек Еранұлы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілік деңгейін арттыру болды. Жиналыс барысында профилактикалық жұмыстың қорытындысы шығарылды, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнде үйден тыс жерде болу ережелерін сақтау мәселелері, сондай-ақ интернет-қауіпсіздік тақырыптары талқыланды.
Мектеп басшысы Ю. А. Безрукова және басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. С. Ахметжанова ағымдағы жағдайға талдау жасады. Учаскелік инспектор Н. Н. Құсайн қатысушыларды қолданыстағы заңнамамен таныстырды, ал қамқоршылық кеңесінің төрағасы В. Ф. Починок мектептің, ата-аналардың және қоғамның тығыз қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.