"Наурыз - дәстүр мен бірлік"
Бүгін 1 «Е» сыныбында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Оқушылар үлкен ықыласпен би билеп, ән айтып, тақпақтар айтты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, балалар оған белсенді қатысты.
Ата-аналар үшін де қызықты викториналық сайыс дайындалып, олар өз білімдерін көрсетіп, балаларға қолдау білдірді.
Мереке жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
