Көңілді демалыс
4-сынып оқушылары Irtysh Cinema кинотеатрында «Прыгуны» анимациялық фильмін тамашалады.
Аталған іс-шара оқушылардың мәдени демалысын ұйымдастыру, олардың эстетикалық талғамын дамыту және сыныптар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Кино көрсетілімі барысында оқушылар фильм кейіпкерлерінің оқиғаларын зор қызығушылықпен тамашалап, жағымды әсер алды.
Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, фильмнен алған әсерлерін ортаға салды.
