«Ғарышкерлер күні»
6 «Г» сыныбында «Ғарышкерлер күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ғарышты игеру тарихымен танысып, алғашқы ғарышкерлер және олардың ғарыш ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы мәлімет алды. Адамзаттың ғарышқа жасаған алғашқы ұшуының маңызы мен қазіргі ғарыш саласындағы жетістіктерге ерекше назар аударылды.
