Қазақстан халықтарының тілдері күні
Көптеген қазақстандықтарды біріктіреді
Біздің Президентіміз былай дейді:
Әртүрлі елдердің халықтарының бір тілі,
Және бұл, әрине, Достық тілі
23 қыркүйек күні біздің мектебіміз тамаша мереке - Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасында әртүрлі ұлт өкілдері біздің елімізде өз ана тілін сақтап, сонымен қатар мемлекеттік қазақ тілін меңгеріп, сөйлеп келеді.
Мектептің акт залында Тілдер күніне арналған гала-концерт өтті. Қазақстан халықтарының ұлттық биі ұсынылды, Отан туралы және халықтар достығы туралы әндер айтылды. Қорытындыда жүргізушілер мемлекеттік тілді білуге арналған викторина өткізді.