«Қандай дереккөздер арқылы сақтар туралы білеміз»
08.12.2017 жылы 5 Б сыныбында тарих және география пәнінің мұғалімі Г.Б. Есмакаевамен «Қандай дереккөздер арқылы сақтар туралы білеміз» атты сабақ өткізілді. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша өткізілген сабақта оқушылар АКТ қолдану дағдыларын дамытты. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасты, өз жұмыстарын бағалады және жетілдірді, түрлі жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланды.
Педагогтың назары оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақыл-ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандар және даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздеді.