«Қандай дереккөздер арқылы сақтар туралы білеміз»
08.12.2017 жылы 5 Б сыныбында тарих және география пәнінің мұғалімі Есмакаева Г.Б. «Қандай дереккөздер арқылы сақтар туралы білеміз» атты сабақ өткізілді. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша өткізілген сабақта оқушылар АКТ қолдану дағдыларын дамытты. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасты, өз жұмыстарын бағалады және жетілдірді, түрлі жабдықтар пен қосымшаларды кең ауқымын пайдаланды.
Педагогтің назары оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздеді.