«Дарынды балаларға - дарынды мұғалім»

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен республикалық "Дарынды балаларға - дарынды мұғалім" педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Мақсаты - жас мұғалімдердің шығармашылық потенциалын, өзін-өзі тануын дамыту үшін жағдайлар жасау, жас мұғалімдердің білім жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Олимпиада қорытындылары бойынша №21 ЖОМ бастауыш сыныптар мұғалімі Жаныбекова Марина Толегеновна II деңгейдегі дипломмен марапатталды. Табыстар тілейміз!