Бірыңғай диктант
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы № 159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016–2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағында жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын өткізу жоспарланған. Жоба аясында 2018 жылғы 20 қыркүйек күні, сағат 11.00. № 28 ЖОМ-нде 7-11-сынып оқушылары бірыңғай диктантқа қатысты.
Ашық диктанттың мақсаты: мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.