Құтықтаймыз!

Оқушылар сарайында облыстық "Туған жер" фотоконкурсының нәтижесі шығарылды. Қала мен ауылдың 73 оқушысын қамтыған байқаудың қазылар алқасы 167 жұмыстың ең үздік, әрі көркем фотосуреттерін таңдаған болатын. 133 ұпай жинаған мектебіміздің 1 "А" сынып оқушысы Хамар Жандос бұл байқауда 1-орынды иеленді! Өңіріміздің сұлу табиғаты мен Баянауыл өлкесінің көркем қырларын суреті арқылы жеткізе білген Жандостың эстетикалық талғамы ерекше.