"Зияткер" зияткерлік ойнына қатысу
"Жас Ұлан" мектеп ұйымының көшбасшылары "Зияткер"зияткерлік ойынына қатысты. Ойын бағдарламасында 5 пән бойынша сұрақтар болды: математика, ағылшын тілі, физика (химия), тарих және география. Оқушылар зияткерлік ойынға қатысушы сертификатқа ие болды. Аталған іс-шара облыстық "Жас ұланның жеті қанаты" жобасын жүзеге асыру аясында "Жас Ұлан"БЖЮ ұйымдастырды. Мақсаты оқушылардың интеллектуалдық және танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады.