Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Ілияс Жансүгіров оқулары»
03-04-2023 08:16
«Ілияс Жансүгіров оқулары»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 29 наурыз күні «Ілияс Жансүгіров оқулары» қалалық байқауына М.Әуезов атындағы мектебінің оқушылары қатысты.

Қанатова Томирис «Күйші» поэмасынан үзінді, Дәкен Мырзакәрім «Жазғытырым», «Сәлемдеме», «Көңілдің жүгірісі» өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы актерлік шеберліктерін көрсетті.

Шығармашылық шеберлік пен креативтілікті, орындаудың эмоционалдылығы мен мәнерлілігін көрсете білген байқаудың жеңімпазы 3  Канатова Томиристі құттықтаймыз.

Поэтикалық шығармаларға жағымды эмоционалдық көзқарасты арттырып, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытып, балаларды қазақ халқының әдеби мұраларымен таныстырып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегалинова Әлия Ерғалиқызына алғысымызды білдіреміз.