Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
21 сәуір күні М. Әуезов атындағы ЖОББМ 2–7 және 8–11 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары бойынша «Мектеп жобасынан ғылыми жаңалыққа дейін» атты IV жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті.
23-04-2026 09:27
21 сәуір күні М. Әуезов атындағы ЖОББМ 2–7 және 8–11 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары бойынша «Мектеп жобасынан ғылыми жаңалыққа дейін» атты IV жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті.

21 сәуір күні М. Әуезов атындағы ЖОББМ 2–7 және 8–11 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары бойынша «Мектеп жобасынан ғылыми жаңалыққа дейін» атты IV жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл іс-шара оқушылардың ғылыми әлеуетін, шығармашылық қабілетін және білімге деген ұмтылысын көрсетуге арналған маңызды алаң болды.
Құрметті қонақтар мен сарапшылар ретінде Павлодар қаласы ИнЕУ ғылыми жетекшілері шақырылды. Сондай-ақ конференцияға Павлодар қаласындағы №5, №6 және №43 мектептердің оқушылары қатысып, әртүрлі бағыттар бойынша қызықты әрі мазмұнды жұмыстарын ұсынды.
Салтанатты бөлімді мектеп басшысы А.Т. Сачанов ашты. Одан кейін техника ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ-дің қауымдастырылған профессоры, аға оқытушы Асамбаев А.Ж. сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Конференцияның модераторы Мусалимова С.Ж. болып, жұмыстың жүйелі ұйымдастырылуы мен нәтижелі өтуін қамтамасыз етті.
Конференция қорытындысы бойынша үздік зерттеу жобалары анықталып, олардың авторлары жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.