Адамгершілік тәрбие оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің бір-біріне, отбасына , басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі арнаулы мақсаты мен көздеген қызметі.
Осы мақсатты басты назарда ұстап еңбек етіп жүрген №32 мектептің бастауыш сыныбының тәжірибелі мұғалімі Сәния Дүйсенбекқызы Оқасова Ата-аналар алдында «Адамгершілік арқауы» атты баяндама оқыды. Бір оқу жылында мектеп оқушыларына лайықтап әртүрлі тақырыпта іс-шаралар өткізді.
Мысалы: «Айбары асқақ Ата заң», «1 қыркүйек-Білім күні», «Ұстаздың ұлы келбеті», «Жасампаздық жаршысы», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Тәуелсіздік шапағаты», «Ана-аса қымбатты жан», «Ынтымақ-достық кепілі, «Ана тілің арың бұл...», «Қош бол, БАСТАУЫШ», «Бар мейіріміміз балалар» атты іс-шаралардың өткізілу үлгісін жинақтап, «Әдептілік іліппесі» топтамасын шығарды. Мектеп ұстаздарына ауадай қажет бұл жинақтың берері көп болмақ.
Р.Құнашқызы