Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Қош келдің, Әз - Наурыз!"
22-03-2018 15:53

Бәріміздің асыға күткен Наурыз мейрамы да келіп жетті.Осыған орай №5 сәбилер бақшасында "Қош келдің, Әз - Наурыз" атты ойын-сауық ұйымдастырып тойладық.Бұл мейрам біздің сонау ата-бабаларымыздан бері тойлап келе жатқан жаңа жыл басы.Мерекелік кешімізге көктем аруы келіп, балалармен би билеп, ән айтып, ойындар ойнады.Ақ жаулықты әже келіп, ұлтымыздың құндылықтарын айтып, салт-дәстүрлеріміздің бірі бесікке салу рәсімін көрсетті.Сонымен қатар әр топтың  ата-аналары да ат салысты.Әжелері, аналары  тұсау кесер, баланы қырқынан шығару, бесікке салу рәсімдерін көрсетті.Ата-әкелері ұлттық ойындар, ұлттық музыкалық  аспаптар жайлы балаларға айтып, түсіндірді.

Наурыз құтты болсын!