"Қош келдің, Әз - Наурыз!"
Бәріміздің асыға күткен Наурыз мейрамы да келіп жетті.Осыған орай №5 сәбилер бақшасында "Қош келдің, Әз - Наурыз" атты ойын-сауық ұйымдастырып тойладық.Бұл мейрам біздің сонау ата-бабаларымыздан бері тойлап келе жатқан жаңа жыл басы.Мерекелік кешімізге көктем аруы келіп, балалармен би билеп, ән айтып, ойындар ойнады.Ақ жаулықты әже келіп, ұлтымыздың құндылықтарын айтып, салт-дәстүрлеріміздің бірі бесікке салу рәсімін көрсетті.Сонымен қатар әр топтың ата-аналары да ат салысты.Әжелері, аналары тұсау кесер, баланы қырқынан шығару, бесікке салу рәсімдерін көрсетті.Ата-әкелері ұлттық ойындар, ұлттық музыкалық аспаптар жайлы балаларға айтып, түсіндірді.
Наурыз құтты болсын!