"Қош келдің, Әз - Наурыз!"
Бәріміздің асыға күткен Наурыз мейрамы да келіп жетті.Осыған орай №5 сәбилер бақшасында "Қош келдің, Әз - Наурыз!" атты ойын-сауық ұйымдастырып, тойладық.Бұл мейрам біздің сонау ата-бабаларымыздан бері келе жатқан жаңа жыл басы.Мерекелік кешімізге көктем аруы келіп, балалармен би билеп, ән айтып, ойын ойнады.Ақ жаулықты әже келіп, ұлтымыздың құндылықтарын айтып, бесікке бөлеу рәсімін көрсетіп, түсіндірді.Сонымен қатар әр топтың ата-аналары да ат асалысты.Әжелері, аналары тұсау кесер, баланы қырқынан шығару, бесікке салу рәсімдерін көрсетті.Ата-әкелері ұлттық ойындар, ұлттық музыкалық аспаптар жайлы балаларға айтып түсіндірді.
Наурыз құтты болсын!