Телефон доверия
+77718507395
Адрес: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Басшының беті

ГАЛИЯ М

Қош келдіңіздер, №1 мектептің сайт қонақтары!

 

Өмірбаян!

Туған:

Павлодар облысы 1969 жылы 24 ақпан

Мектепте оқу:

1976-1986 жылдары Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Чкалов атындағы орта мектепті күміс медалімен бітірді. Мектепте көшбасшы болып, мектеп пионер дружинасының басқарушысы, комсомол ұйымының хатшысы, орыс тілі мен әдебиет, құқық негіздері пәндері бойынша аудандық олимпиадасының жүлдегері болды. 7 сыныптан бастап Мәдениет Сарайында әдебиет үйірмесіне қатысты, мектеп газетінің редакторы, аудандық газетте басылды.

 

Студенттік жылдар:

Мектепті аяқтағаннан кейін 1986 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтына түсті. Медальға ие болғаны үшін бір емтихан орыс әдебиетінен (ауызша) тапсырды «үздік» бағаға ие болған соң, филолог факультетінің студенттер қатарына енді.

Жұмысы:

1995 ж.институтты бітірген соң №41 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 1997 ж.- №12 ЖОМ тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасары, 2005 ж. - №1 ЖОМ директоры.  

Мұғалімдік

– ұстаз болуға берілген ерекше мүмкіндік. Өйткені бойында ўстазға лайық қасиеттері бар адам ғана мұғалім бола жүріп, сол қасиеттерін ұштай түседі. «Мектептің жүрегі мұғалім» деп Ы.Алтынсарин кең, биік, терең ұғыммен атап айтқан.  

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.