Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әкімшілік

 

 

1.     Прохоренко Светлана Викторовна - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

-         кадрлар бойынша есеп беру ОШ – 1, ОШ – 5, СВ – 1, РИК - 83;

-         тарификация, жұмыс уақытын есепке алу табелі;

-         жаратылыстану-математикалық және политехникалық циклдер мұғалімдерінің ӘБ жұмысын басқару және бақылау, КТП бекіту;

-         қазақ, орыс мектебінің жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ жұмысына басшылық жасау, жетекшілікке алу;

-         тоқсандық, аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізу, ЖМЦ пәндері бойынша мониторинг жүргізу;

-         9-11 сыныптарында кураторлық жұмыс атқару;

-         қорытынды аттестаттауға, сыртқы бақылауға жетекшілік ету: ОЖСБ, PISA, TIMSS;

-         мектеп және пән бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша есептерді тапсыру;

-         жалпы орта білім курсы үшін бітіру емтихандарын дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

-         сабақ кестесін, факультативтерді құру;

-         үйде оқытуды ұйымдастыру;

-         қатаң есептегі құжаттардың толтырылуын, берілуін бақылау;

-         күндізгі мектептесыныптарды жинақтау;

-         көптілділік мәселелерін жүзеге асыру;

-         1-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау;

-         жаппай оқыту бойынша (ОШ-1, жартыжылдық, тоқсандық) есептер;

-         мектеп қызметін талдауға және жылдық жоспарды жоспарлауға қатысу.

 

 

2.     Исабаева Зарина Нурлановна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

-         мектеп жұмысының жылдық жоспарын жасау;

-         «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру;

-         әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасау;

-         ҚР «Тілдер туралы» Заңның орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

-         мектеп бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу;

-         мұғалімдерін түрлі деңгейдегі конференция, семинарлар, ашық сабақтар, педоқуларға қатыстыру, өткізуін қадағалау

-         озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;

-         мемлекеттік тілде БАҚ жұмысын ұйымдастыру;

-         мектеп бойынша тереңдетілген және  гимназия сыныптарын ашу, олардың білім деңгейін, сапасын қатаң бақылауға алу;

-         олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыруды,мектеп олимпиадаларын өткізу және қалалық,облыстық олимпиадаларға дайындықты сапалы түрде жүргізуін қадағалау;

-         ҰҚТ, мектепалды даярлық тобының жұмыстарын ұйымдастыру;

-         бастауыш сыныптар бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін ұйымдастыруды назардан шығармау;

-         бастауыш, қазақ тілі бағытындағы сыныптарда тоқсандық,аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу, мониторинг жүргізу;

-         бастауыш мектеп бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету;

-         бастауыш сынып, қазақ тілі пәні бойынша КТЖ бекіту.

 

 

3.     Приписнова Светлана Анатольевна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

-         мұғалімдерді аттестаттау;

-         мектептің оқу жоспарын құру

-         информатизация сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру;

-         Kundelik.kz және Bilimland сайттарының жұмысын қадағалау;

-         қазақ, орыс мектептеріндегі қоғамдық-гуманитарлық циклдерді басшылыққа алу,жұмыстарын талдау және кабинеттерінің эстетикалық тұрғыдан безендірілуін, санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуын бақылау;

-         терендетілген пәндер бойынша бақылау жүргізу;

-         5-11 сыныптардың сабақ, факультатив, пәндік үйірме, қосымша сабақтар кестесін, мектеп бітіру және көшіру емтихандарының кестесін жасау;

-         бейіндік оқытуды ұйымдастыру, басшылыққа алу ,бақылау;

-         мұғалімдердің даярлық курста, семинар мен конференцияларда әдістемелік деңгейлерін, білімдерін көтеру, жетілдіру;

 

 

4. Джамбусинова Салтанат Болтаевна - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

-         1-11  сыныптардың тәрбие жұмыстарының жағдайын бақылау;

-         сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысын ұйымдастыру, авторлық бағдарламалар, сыныптан тыс басылым өнімдерін әзірлеу,  мектеп бойынша сынып жетекшілердің білімін жетілдіруді басшылыққа алу;

-         оқушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, басшылылық жасау (үйірмелер, секциялар, орталықтар);

-         Мұражай жұмысын жандандыру;

-         ПДД, ЮДП бойынша инспекторларды тағайындап, жұмыстарына басшылық жасау;

-         5-6 сынып оқушыларына кураторлық атқару ;

-         тәрбие жұмысы бойынша есеп жасау, тапсыру;

-         ДШ,АӘД,технология,музыка,сурет сабақтарын жетекшілікке алу;

-         1-11 сыныптарда байқаулар, сайыстар, мемлекеттік және дәстүрлі мерекелер іс-шараларын дайындау және өткізу, қалалық және облыстық шараларда оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету, талдау;

-         оқушылардың жазғы демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыруды жоспарлау;

-         мектептен тыс мекемелермен байланыс, сыныптан тыс шаралар өткізгенде техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-         кәсіби-бейімдеу жұмыстары бойынша ЖОО, колледждер, мектептен тыс мекемелермен байланыс;

-         азаматтық қорғаныс,  ТЖ бойынша жұмыс, ТҚ, АӘД жетекшілікке алу;

-         балалар ұйымына(«Жас ұлан», «Жас қыран», старостат, оқушылар кеңесі) басшылық жасау, «Ата-аналар университетін» құру. арнайы медициналық топтардың жұмысын қадағалау және басшылық жасау;

-         БАҚ жұмысын ұйымдастыру;

-         мектеп жанындағы учаскіге жетекшілік жасау (биология мұғалімдерімен бірге);

-         жылдық жоспар құру.

 

 

5. Зилкенова Жанар Муратовна – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, СӨС жұмысын ұйымдастыру:

-         1-11 сыныптарының тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

-         жаппай оқыту бойынша есеп (қозғалыс), сынып жетекшілерді бекіту, сынып жетекшілердің  білімін жетілдіруін басшылыққа алу;

-         мектеп шағын ауданы бойынша балаларды есепке алу, мектеп жасындағы балаларды толық білім берумен қамту;

-         «қауіп топтағы» оқушыларды қатаң есепке алу;

-         тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңес жұмысын басқару(айына бір рет) ;

-         жазғы демалыс кезінде оқушылардың сауықтыруын және мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыру;

-         балалар  ұйымының, мектепішілік және сыныптағы ата-аналар комитеттерінің, шолғындау жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау;

-         7,8 сыныптарында кураторлық жұмысын атқару;

-         қоңырау кестесін жасау, мектеп бойынша, асханада, қабаттарда, тасымалдау автобусында мұғалімдер мен оқушылардың кезекшілігін ұйымдастыру;

-         мектеп жылдық жоспарын құру;

-         СӨС, наркопост, СПИД жұмыстарына басшылық және бақылау жасау.

СӨС қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру; (барлық бағыттар бойынша);

-         СӨС мәселесі бойынша деректер банкісін қалыптастыру;

-         СӨС қалыптастыру мәселесі бойынша диагностика өткізу;

-         қалалық СӨС орталығымен тығыз байланыста болу;

-         СӨС бойынша есеп беру;

Әлеуметтік педагог:

-         оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жауапты, мониторинг жүргізу;

-         аз қамтылған отбасыларын және ондағы балалар санын анықтау, құжаттарын жинап, көмек көрсету;

-         бейморальды мінезді отбасыларындағы балалардың құқығын қорғау, қамқорлыққа алу, қамқоршылық бөлімімен байланыс ұстау;

-         әумесерлік мінез-құлықты, қатерлі тобында тұрған жасөспірімдерді  мектептің оқудан тыс жұмысына баулу;

-         үлгеріміне, жүрісіне жағымсыз әсер бермеу мақсатында жасөспірімдерге көмек көрсету үшін жеке және топтық кеңес өткізу;

-         № 1 ЖОМ шағын ауданының әлеуметтік картасын құрастыру;

-         жайсыз жасөспірімдердің мәселесі бойынша мектептің басқа мекемелерімен тығыз байланысын ұйымдастыру:

а) құқық  қорғау органдарымен байланыс;

б)  медициналық мекемелерімен байланыс;

-         қаңғыбастық және сұрампаздықпен айналысатын балалар жөнінде рейдтер ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, жетім балалар үйімен байланыс ұстау;

-          «Қамқоршылық» акциясын өткіз;

-         мектеп әкімшілігімен бірге аптасына бір рет кезекшілік міндетін атқару.

 

 

6. Хасенова Бибигуль Бисембаевна –директордың шаруашылық  жұмыстары жөніндегі орынбасары:

-         оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету;

-         мектепте санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

-         қызмет көрсету персоналының еңбекақы табелін жүргізу;

-         техника қауіпсіздігі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау;

-         мектеп ғимараты мен мүлкін сақтау жұмысын, өрт қауыпсіздігін қамтамасыз ету;

-         техникалық персонал, отжағушылар және т.б. жұмыскерлердің жұмысына басшылық ету және бақылау;

-         мектеп мүлкін сатып алу, қатаң есепке алу, оларды жөндеу, сақтау;

-         ағымдағы, негізгі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру,өткізу, ғимаратты жаңа оқу жылына дайындау және жыл бойы жағдайын жасау;

-         коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен байланыс;

-         кәсіпорындармен салыстыру актісі;

-         атқарған жұмыстары туралы директордың алдында есеп беру.

 

 

7. Толқын Теміртасқызы Букаева - педагог – психолог:

-         оқу және тәрбие үрдісінде оқитындардың соматикалық, психикалық және әлеуметтік жайлылығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі жүргізу;

-         Бала құқығын қорғау Конвенциясына сәйкес жеке тұлғаның құқығын қорғауға көмек көрсету;

-         әлеуметтік бейімделу шараларын іске асыру;

-         нақты мәселелерді шешуде педагогикалық ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға көмек көрсету;

-         әр түрлі кәсіптің және белгілердің психологиялық диагностикасын өткізу;

-         оқушылар ата-аналарының тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне, педагогикалық ұжымды бағыттау мақсатымен жүргізілген зерттеу жұмыс материалдарына психологтік-педагогикалық қорытынды жасау;

-         Нормативтік құжат жүргізу және қолдану;

-         шығармашыл дарынды оқушыларды психологиялық тұрғыдан қолдау, олардың  дамуына және ізденуіне көмек көрсету;

-         ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық кезінде оқушылармен, ата-аналармен стресске қарсы тұру мақсатында жаттығулар, тренингтер өткізу;

-         педагогикалық ұжымының даму мәселелері бойынша мектеп қызметкерлеріне,ата-аналарға,оқушы қауымына кеңес беру.