Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құқықтық тәрбие

 Құқықтық тәрбие адам өміріне тұлғалық құқықтық сананы  мақсатқа бағытталған , ұйымдастырылған, жүйелі сана –сезімін қалыптастырады.

  Тәрбие санағы өтіп, азаматтардың құқықтың мәдениетін жүйеге келтіреді.

     Құқықтық тәрбиені  дұрыс ұйымдастыру үшін, ең алдымен, құқықтың тәрбиенің не екенін түсінген абзал. Айта кету керек, «құқықтық тәрбие» деген ұғымның ортақ термині жоқ. Біреулер құқықтық тәрбие деп құқықтық білімді түсінеді және бұл білімді оқытуды  қажет деп қалыптастырады. Басқалар құқықтық тәрбие – құқыққа , заңға деген құрмет, сонымен қатар құқықтық нормаларды орындаудағы дағды деп түсінеді.Үшіншілер құқықтық тәрбиеде тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс –әрекетін болашақ ұрпақтың бойында белгілі бір көзқарасты, қажеттіліктер мен кызығушылықтарды, құнды бағдарлаулар мен  тәртіптің қондырысын  қалыптастырады.

   Сонда да құқықтық тәрбиені  мазмұны құқықтық ағартушылық болатын  тиімді және жан- жақты процесс ретінде қарастырған жөн

   Бірақ тәрбиешінің құқық, заң, құқықтық іс-әрекет  жөніндегі білімін байыту ғана емес, сонымен қатар құқықтық нормаларға сай адамның өзін-өзі жетілдіруге  арналған ,  тәрбиеленеуші тұлғаның  сана- сезіміне  әсер ету.

    Саади айтқандай, «Кімде кім ғылымға үйреніп, оны қолданбаса, сол жерді жыртқанмен,  екпегенге ұқсайды»

   Құқықтық тәрбиенің маңызды құрамды бөлігі –құқыққа, заңға  деген сый-құрметті қалыптастыруды, оның құндылығын және сөзсіз орындалуының қажеттілігін түсіндіреді. Құқықтық тәрбиенің бұл жағының құқықтық мемлекетті қалыптастыру  мақсатындағы  өзектілігі құқыққа деген сый-құрметтік қарым-қатынас әр адамның бойындағы құнды қондырысы болуында.

  Сухомлинский жазғандай: «Тәрбие тек жас жүректерді жалынды сезімдер жаулаған кезде ғана адамның тудырған жаратылысына айналады »

 «Отаншылдық»–қоғамның  және мемлекеттің барлық өмірдің саласындағы ең бір маңызды, құнды дүниесі, ол тұлғаның рухани жетістігі болып табылады, оның ең жоғарғы даму деңгейін  және  елі үшін белсенді іс-әрекетін істе көрсетуде байқалады.