Сенім телефоны
+77718507395
email: sosh1@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001 индексі, Павлодар қ., Малайсары батыр к.,3
Қабылдау бөлімі: 8 (7182) 62-60-18, оқу бөлімі: 8(7182) 62-10-18 Бухгалтерия: 8 (7182) 62-60-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі күні - 15.00 - 18.00 Бейсенбі күні - 11.00 - 13.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын талқылаймыз

   Жаратылыстану-математикалық циклі мұғалімдері «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасына өз ұсыныстарын ұсынады.

- педагогке  еңбек өтілі 25 жылдан кейін (бала күту демалысын ескере отырып)  зейнеткерлікке шығуына жағдай жасау; 
-оқу жүктемесін 16 сағатқа азайту; 
-сынып жетекшілер үшін жеке жүктеме енгізу;
-еңбек демалысының 56 күнін сақтай отырып, бескүндік оқу жүйесін енгізу;
-жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау; 
-педагогтарды аттестаттау кезінде біліктілік тестілеуін қайта қарау;
- жеке тұрғын үй алаңы жоқ педагогтарға кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй берілсін.
-коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер; 
-жазғы уақытта мұғалімдерді сауықтыру үшін тегін шипажайлар ұйымдастыру;
-педагогке қандай да бір газетке немесе журналға жазылу құқығын қалдыру.

ЖМЦ ӘБ №1 ЖОМ

 

 Әлеуметтік-гуманитарлық циклі ұжымы «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ»  заң жобасын ұжымда талқылады.  Ұсынылған заңнамадағы   педагогтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін  қорғау көзделгендігі  педагог қызметкерлер арасында  қолдау тапты.  Сонымен қатар, педагог қызметкерлер өз пікірлері мен қосымша ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ:
•    Қалалық қоғамдық көліктердің  жол жүру ақысы педагог қызметкерлерге   50% жеңілдік берілсе;
•    Қалалық жерлерде тұратын  педагог қызметкерлер  үшін коммуналдық қызмет ақысы да  жеңілдетілсе.
Ұсынылып отырған Заң жобасы педагог мәртебесін жоғарлатуға 
бағытталғанын, оған  құқық пен кепілдіктерді,  академиялық бостандықтарды, педагогикалық және ғылыми шығармашылықты іске асыратындығы  педагог қызметкерлер жақсы түсінеді.

ӘГЦ ӘБ №1 ЖОМ

 

    Біздің мұғалімдер аталған жобаны қолдап, мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін  өздерінің ұсыныстарын білдірді:
- педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл толған мұғалімдерімен біліктілік тестін тапсырмау;
- қызмет атқарған жылдар бойынша зейнетке шығу;
- қызмет атқарған жылдар бойынша зейнетке шыққан мұғалімдерге мектепте педагогикалық қызметін жалғастыруға рұқсат беру;
- қала мектептерінің мұғалімдеріне коммуналдық қызмет төлемдеру бойынша жеңілдіктерді қайта жаңарту;
- зейнетке шыққан кезде зейнетақы қорын толық көлемде төлеуді іске асыру;
- шипажайлық-емдік мекемелерге жеңілдік жолдамаларының санын арттыру;
- әдістемелік бірлестік жетекшілеріне ӘБ жетекшілігі үшін төлемақыны енгізу;
- пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің міндеттерін арнайы тәрбиеші жүктемесін енгізу арқылы белгілеу (НЗМ сияқты);
- еңбекақыны көтеру.
Елбасымыз өз Жолдауында атап өткен Жаңа Заң көпшілікпен мұғалімнің зор еңбегін сезініп құрметтеуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

ПЦ ӘБ №1 ЖОМ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында А.Назарбаев педагогикалық құрамның сапасын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. "Педагогикалық құрамның сапасын арттыру маңызды. Базалық педагогикалық білім беру стандарттарын, мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әрбір өңірде педагогтардың біліктілігін арттырудың интеграцияланған орталықтары жұмыс істеуі тиіс", - деп атап өтті Президент "әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты"атты Қазақстан халқына Жолдауында.
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының №2 жобасын талқылай отырып, заңда оң бөлімдерді атап өткіміз келеді. Жобада 5 тарау ұсынылған. Жалпы ережелер, негізгі ережелер, мақсаттары, міндеттері мен принциптері, итд педагогикалық қызметінің субъектілері. 11-бабын ерекше атап өткіміз келеді. "Педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу 1. Педагогтың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады". Жеке және отбасылық құпия иә, бұл дұрыс. Бірақ біз педагогтің "жеке өмірі" заңмен қорғалуы тиіс дегенімен келіспейміз. Қазір оқушылар арасында жиі орын алатын нәрсе ол жас маман болып келген ұстазға сүйіспеншілік сезімінің орын алуы.  Жоғары сынып пен жас мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы жаңалықтардан жиі  естуге болады. Егер заң бойынша педагогтың жеке өмірін қорғау керек болса, онда жоғары сынып оқушысы мен жас маман арасындағы қарым-қатынас осы Заңмен қорғала ма?!Сондықтан біз педагогтың жеке өмірі шымылдықтың астында болмауы керек деп ойлаймыз. Педагогтың жеке өмірі ашық болуы және қоғамға үлгі үшін орын алуы тиіс. Өйткені қазіргі мұғалім тек білім жүйесін ғана меңгеріп қоймай,рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуі тиіс, оқушылардың әлеуметтік дүниетанымын,  өмірге көзқарасын қалыптастыруы тиіс.

№1ЖОМ бастауыш сыныптарының ӘБ