Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Орыс тілі және әдебиет мұғалімдері

 

Сахимзадина Маржан Дайырғалиқызыорыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

Павлодар Мемлекеттік университетін 2003 жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 20 жыл. Санаты - 1. Павлодар облысының педогогикалық шеберлік орталығында «Педогогикалық қауымдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы», «Орыс тілі білім беру мазмұнын жаңарту аясында» біліктілігін арттыру курстары, 2016 жылы Павлодар облысының педогогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында 2015 жылы «Орыс тілі және әдебиеті» бағыты бойынша біліктілігін арттырған. ҚР БҒМ бекіткен 5-ші сыныптарға арналған «Орыс тілі» оқулығының және «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» авторы, «Жыл мұғалімі 2016» қалалық конкурсының «Шеберлік шыңына» номинациясының жеңімпазы.

мукатова

Мұқатова Ляйла Өміржанқызыорыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі.

«Семей» Мемлекеттік университетін 1998 жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 18 жыл. Санаты – жоғары. Павлодар облысының педагогикалық шеберлік орталығында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша оқу курстарын аяқтады (2016 жыл). 2015 жылы орыс тілі пәнінен Республикалық қашықтық олимпиадасында 2 дәрежелі диплом иегері. 2016 жылы ХІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Оқушылары қалалық, облыстық, халықаралық пәндік олимпиадалардың және ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпаздары.

Қаппасова Айман Советқызы – орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі.

Павлодар Мемлекеттік университетін 1999 жылы «Орыс тілі және әдебиеті»мамандығы бойынша бітірген.Жұмыс өтілі – 21 жыл. Санаты – 1. «Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбында 2013 жылы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін 2016 жылы сертификат иеленген. «Лисенок», «Кириллица» халықаралық конкурстарына қатысканы үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы ««Жоғары педагогикалық мектептің инновациялық білім беру ортасын институционализациялау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат иеленген. ХІІ ғылыми-практикалық конференциясына 2016 жылы қатысып, «Ғылымға алғашқы қадам» номинациясынан ІІ дәрежелі дипломының иегері атанды. 2013 жылы Павлодар облысының білім беру бөлімінің Құрмет мадақтамасымен және 2016 жылы Алғыс хатымен марапатталды.

Қожанова Бибігүл Қуанышбайқызы – орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтын 1994 жылы «Орыс тілі және әдебиеті және қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Санаты -1. Жұмыс өтілі -22 жыл. 2015 жылы «Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы жалпы білім беру пәндері оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі» тақырыбы аясында Павлодар облысының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтында біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2010 жылы Шарбақты аудандық оқу бөлімінің грантының иегері.