Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 914/19 қаулысы
Павлодар қаласы әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 шілдедегі № 12-1-187 тіркелген   Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы  № 914/19 қаулысы       Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы        Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 «Жеке және заңды тұлғалаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мақсатында,Павлодар қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:         1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:    1) мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыруға арналған құжаттар ресімдеу»;         2) мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету»....
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.   Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің...
Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ән-ұраны      
Страничка педагога-организатора
        Цели и задачи деятельности педагога-организатора. -организация и участие детей во внеурочное время  в различных внешкольных кружках, секциях по интересам;     - обеспечивать участие школы в проведении городских мероприятий, реализации  городских проектов по совершенствованию воспитательной работы.             В октябре проходил 1 тур городского проекта " Чудеса Павлодара».  Задачей проекта было найти оригинальные, интересные сооружения, изображения, предметы живой природы. От нашей  школы принимали участие ученики 9 «А» класса, с капитаном команды Дуреевой Ольгой. Они нашли маленький чудо-островок на территории детского сада № 31.     1 ноября прошел 2 тур конкурса «Чудеса Павлодара», по итогам которого наша команда прошла в финал. 6 ноября прошло награждение участников и  за активное участие в номинации « Город», капитан команды Дуреева Ольга получила грамоту. Лидеры-старшеклассники посетили открытие ДЮАЛС «ЛИД», которое проходило в СОШ № 19. Учащиеся 4-5 классов ходили на экскурсию в детский дворовый клуб «Азат», после посещения, которого некоторые дети записались в Изостудию и спортивные секции. На базе 9-х классов была...
«Күз мереке - күз береке» атты ашық тәрбие сағаты
Бүгін1-4 қазақ  сыныптар арсында    «Күз мереке - күз береке» атты ашық  тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар өздерінің күз мерекесіне арналған тәрбие сағатында  әр түрлі өнерлерін, билерін , тақпақтарын, мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын, қабырға газеттерін ортаға салды.Әсіресе көкөністер мен жемістерден жасаған қолөнерлері көзге тартымды  болды. Қыз балалар үйлерінен әр түрлі дәруменді салаттар жасап әкелді. 1-жүргізуші:Аңсар Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып, «Күз –мереке күз-береке»атты кешімізді бастауға  ұрықсат етіңіздер. Топталған құстар қайтатын сынды, Қия алмай бір ән айтатын сынды, Көзіммен ұзақ ұзатып салып, Тіледім аман қайтатын күнді,-дей отыра ортаға күздің алғашқы айы-қыркүйекті шақырамыз. 1-оқушы-Қыркүйек: Ажарланып жер енді, Түрлі түске бөленді, Су сылдырап күледі, Қамыс айтып өлеңді. Мектебіне тағы да, Келді бала сағына, Білім өмір шырағы, Жол көрсетіп тұрады. 2-жүргізуші:Еркегүл Қазан-күздің дәл ортасы.Құстар қайтып кетеді.Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырып» деп атайды.Дала жұмысы саябырлайды,қазан айын ортаға шақырамыз. 2-оқушы-Қазан Сұрғылт мына қазанда, Мұңайтады күн өңін. Ерте тұрып азанда, Серуен құрып жүремін. Аспанды бұлт...
"Табыс-2012" кітабы
Павлодар қаласының №34 ЖОББ Мектебінің 4 сынып оқушысы Арчаков Эльдар Қазақстан Республикасының ғылыми кіші академиясының «Білім және ғылымды ықпалдау- болашаққа бір қадам» атты XXXVIII ғылыми-практикалық конференциясында «Ең жас ғалым» номенация жүлдегері. Жан –жақты танып біледі, ғылыми атақты әдебиеттерді оқумен әуестенеді. Павлодар қаласының №34 ЖОББ Мектебінің 8 сынып оқушысы Бельдияров Руслан. «Өлкені танып білу- ғылымға апарар жол»атты аймақтық ғылыми конференцияның жүлдегері, (ІІІ орын) Жаупты, еңбекқор оқушы, өзінің сергектігімен, ілтипаттылығымен ерекшеленеді. Биология пәнін жаңа ақпарат көздерін ашуға машықтанады. Павлодар қаласының №34 ЖОББ Мектебінің 11 сынып оқушысы Багданов Илья Қалалық ғылыми жобада ІІ орынға ие болған жүлдегер. Жолы ашық, мақсатына қол жеткізе алатын оқушы. Ғылыми әдебиеттерді оқумен айналысады.      Павлодар қаласының №34 ЖОББ Мектебінің 9 сынып оқушысы Деревянко Родион Облыстық олимпиадада география пәнінен жүлдегері. Жолы ашық, мақсатына қол жеткізе алатын оқушы. Көп оқиды зияткерлік қырынан дамыған,түрлі сайыстардың қатысушысы.          Павлодар қаласының №34 ЖОББ Мектебінің 8 сынып оқушысы Кашемиров Максим. Қазақстан Республикасының ғылыми кіші академиясының...
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг.
  Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг. Оқушылардың  зейінін дамытуға  арналған  психологиялық  тренинг. Мақсаты: Адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оны  күнделікті  өмірде  қолдануды  әдетке  айналдыру. Міндеттері:  -         Мұғалім  мен оқушылар  арасында  жылы  қатынас  тудыру; -         Оқушыларды  әртүрлі адамгершілік  қасиеттермен  таныстыру; -         Оқушыларға  мейірімділік  пен  қатыгездікті  айыра  білуге,  жақсы  қылықтарды  үйренуге ,  жаман  қылықтардан  аулақ  болуға  үйрету. Интерактивті  стратегиялар: пікір  талас,  шағын  топтармен  жұмыс, әңгіме, ойын  «Мен  және айна»,  «Құпия  сурет». Жетекші  топ  мүшелеріне  арнап  сұрақ  даярлайды.  Топқа  аяқталмаған  сөйлем  әдістемесі  бойынша  сөйлемді  аяқтау  тапсырылады.  Топтың  әрбір  мүшесі  ортадағы  жәшіктен қағазды  кезектесіп  алады,...
ОЖСБ туралы
  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы «6» сәуірдегі № 151  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады. 3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері: 1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады. 4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді. 2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу 5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім...
Педагогикалық ұжым
1975
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент Күні
       Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы6 шілдедеАлматы облысыныңҚарасай ауданынақарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағандыметаллургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясыОрталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960жылы Теміртауқаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960—69жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989—91жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990ж. ақпан—сәуіраралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990ж. сәуірінен— Қазақ КСР президенті. 1991ж. желтоқсанның 1-індетұңғыш рет Қазақстан Республикасы...
Патронат
  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесi     1. Жалпы ережелер               1. Осы Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағу ға арналған ақша қаражатын төлеу ережесi (бұдан әрi — Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және патронат тәрбиешiлерге берiлген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсызқалған баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының ай сайынғы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi.             2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемi олардың ата- аналық құқықтарының шектелуiне немесе айрылуына, ата-аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тануға, ата-аналардың бас еркiнен айыру орындарында жазаларын өтеуiне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, оның iшiнде ата-аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартқан жағдайда ата-аналарының...
Қамқоршының міндеттері мен құқықтары
  Қамқоршының міндеттері мен құқықтары 65-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері 1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.  2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.  Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.  Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.  3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.  Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.  4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.  66-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері 1....
Жоғары сыныптар кеңесі
  Оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымы туралы жалпы жаднамасы       Оқушылардың өзін- өзі басқаруы – оқушылардың ұжымдық іс- әрекеттерін ұйымдастыру формасы, олардың өздігінен дамуына , қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін шешімдерді  қабылдауға және жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.    Өзін- өзі басқару – оқушылардың ұйымдастыру қабілетін және өз- ара қарым- қатынас пен жауапкершілікті сезінуі, өз өмірінің шығармашылығын жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыру негізінде мектеп ұжымының өмірлік іс- әрекеттерін басқару.    Тәрбие- бұл балалар өмірінде мерекелік іс- шаралар емес,  негізгі ұйымдастыру түріне тәрбиелеу- балалардың өздігінен оқуына байланысты өзін- өзі басқару,адамдармен іскерлік қарым- қатынас жасай білуі, өз ісіне жауап беру және шешім шығара алуға дайын болу.   Мектеп өміріндегі әр сынып өзін- өзі басқарудың дамыту жүйесін жүзеге асыру негізгі шарты болып табылады, сынып ұжымының өзін- өзі басқару ұйымы жұмысын бір бағыт бойынша, орталықтандырылған басшылық бойынша қамтамасыз етіледі.  Мектепішілік  өзін- өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты сынып ұжымымен әр түрлі іс –әрекеттер ұйымдастыру болып табылады: қоғамдық, оқу, еңбек, мәдени, спорттық- туристік.   Әлеуметтік- педагогикалық міндет оқушылардың өзін-...
ҚК құрамы
 Кенжекөл ЖОМ-ның 2012-2013  оқу жылына             арналған Қамқо рлық Кеңесінің құрамы   ҚК төрағасы:   Жумағулова Толқын Рахметоллақызы, мекенжайы: Пригородная к-сі, 5 үй, 1 пәтер, телефон: 352-282   ҚК мүшелері:   1.    Солтанбаева Б.Т. -ата-аналар комитетінің төрағасы 2.    Тайкебаева Ж.Т. - мектеп директоры 3.    Кунгурова Т.Н. - тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасары 4.    Аринова д.х. - әлеум.педагог, балалардың құқығын қорғаушы инспекторы 5.    Бакыбаева Р.К.- ШІБ директордың орынбасары  «Кенжекөл» қайырымдылық қоры" Қоғамдық қоры   Кенжекөл ЖОМ-ның 2012-2013 оқу жылына арналған қоғамдық қорының құрамы  Қоғамдық қорының төрағасы:   Нарбутина Бақыт Сейполинқызы, мекенжайы: Дружба к-сі, 97 «а» үйі,   телефон: 352-039   Қоғамдық қорының мүшелері:        1.   Ткаченко Светлана Ильинична - хатшы      2.   Солтанбаева Бибигүл Төлегенқызы - есепші      3.   Жарылгапова Гүлнар Жанбырбайқызы      4.   Жумадилова Әсемгүл...
Қамқорлық кеңесі
  Біздің білім мекемеміздегі Қамқорлық Кеңес жұмысы- бұл бюджеттен тыс қаржыны тиімді,заңды, сауатты тарту туралы ғана емес, бұл жалпы білім мекемесіне  және сіздің балаларыңызға  көмек көрсетудің ыңғайлы әдісі. Қамқорлық кеңесі деген не?       Мекеменің дамуына қызығушылывқ танытатын жеке және заңды тұлғалардан білім мекемесінің есеп шотына  түсетін қайырымдылық  жәрдемдерді жинау және жұмсауға қоғамдық бақылауды іске асыратын білім мекемесінің өздік басқару органы болып саналады. 2007ж. шілденің 27 бастаған  "Білім туралы" №319 III Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы 9 тармағына  сәйкес  білім ұйымдарында  алқа басқару органдары құрылады, білім ұйымының алқа басқармасының түрлерімен білім ұйымы,қамқорлық кеңесі,педагогикалық, әдістемелік кеңестер және  басқа  түрлер бола алады. Осылай, білім ұйымының  қамқорлық кеңесі (ары қарай-қамқорлық кеңес) білім ұйымының алқа басқару  түрінің бірі болып саналады. Қамқорлық Кеңесінің негізгі тапсырмалары болып саналады: Ұйымның және білім процессінің жетілуі; Білім мекемесінің педагогикалық қызметкерлері және оқушыларының білім қызметтілігі ұйымының жәрдемдесуі; Педагогикалық және білім мекемесінің басқа қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту ға ұйымның...
Жауһар туыңдылар
  Оралхан Бокеев (1943-1993)     Көрінуші ең көнелердің көзіндей, Жазғандырың – қара өлеңнің сөзіндей, Асқақ едің, атақты едің, нар едің – Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей. С. Тұрғынбеков, ақы         Бөкеев О. Қамшыгер. Әңгімелер. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1970 136 бет.    «Қамшыгер» - первая книга молодого поэта Оралхана Бокейханова. В этот сборник вошли произведения «Бура», «Қамшыгер» и «Терісаққан», в которых рассказывается каждая деталь нашей жизни. Герои рассказа изображают непобедимость жизни.   
Пайдалы сілтемелер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ     ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ   ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ  "ЕРТІС ДАРЫНЫ" АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ    
Ата-аналарға көмек
Оқушыларды  ата-аналарына кеңес 1. Балалардың білім алуынан басқа мектепке артық талап қою керек емес. Мектеп - бұл бала өміріндегі бір бөлік. Бірінші сынып оқушылары үшін талаптар көп емес, бірақ ол маңызды. Ата-аналар өз балаларына мектептен тыс қызықты сәттерді ұйымдастырып отырулары қажет. Мұғалімдер де әртүрлі болады. Барлығын жалпыламай, бүкіл мектеп ұстаздарына  өзіміздің риза емес екенімізді білдірмеуіміз қажет емес. Тіл табысатын ұстаздар да бар.