Сенім телефоны

Кенжекөл ауылы балалар музыка мектебінің сайтына қош келіпсіздер!

 

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Бүгінгі күні музыкалық мектеп – ол жанды, әрі дамытушылық, уақыт және ауыл өмірімен талап етілетін оқу орны, онда 38 жыл бойы күнделікті 6 дан 17 жас аралығындағы балалар қайталамас өнермен кездесуге ұмтылады.

Мектебіміздің негізгі бағыты– балаларға музыкалық-эстетикалық шығармашылық салада жанжақты дамуы үшін мүмкіндік жасау болып табылады. Қосымша білім беру қызметтерін іске асыру.

Мектеп білім беру, әдістемелік және ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыстарын жүргізеді.Оқыту тілі аралас (екі тілде):

Оқытылатын мамандықтар саны– 6; қазақ ұлттық аспаптары: - домбра, қобыз,жетіген; классикалықаспап– фортепиано; вокал сыныбыжәнеүрмелі аспаптар– сырнай-блогы, сырнай, кларнет, саксофон; теориялық пәндер– сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор, жалпыфортепиано.

(Оқу жоспарына сондай ақ пәндерді таңдау бойынша сабақтар енгізілді).

БММ оқушылары міндетті түрде арнайы пәндерге, сондай ақ топтық сабақтарға қатысады. Оқыту курстарынан толықтай өту соңында және бітіру емтихандарын ойдағыдай тапсырғаннан кейін, оқушыларға осы оқу орнын бітіріп шықандығы жөнінде куәлік беріледі.Мекеме педагогтары жыл сайын біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді.

Оқушылардың музыкалық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға (байқауларға) қатысуға, жүлделі орындарға қол жеткізуге, мектебімізді бітіріп шыққаннан кейін мамандығы бойынша орта және жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік беретін, Кенжекөл ауылының БММ жасалған жағдайлар - мектеп жұмысының нәтижесі болып табылады.

Жас музыканттарымыз ең беделді (мерейлі) қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда мектебіміздің кәсіби абыройын лайықты түрде қорғайды. Лауреаттар мен дипломанттардың шығармашылық жолы Қазақстанның, сондай ақ Ресейдің қалаларын қамтиды. Әр жыл сайын жаңа есімдер, мектебімізге жаңа жетістіктер мен мерейлі қуаныштар әкеледі. Олардың нәтижелілігінің құпиясы, музыкаға бейімдеуді зор еңбектен өмірдің бір бөлігіне айналдыратын, таңғажайып шығырмашылық ахуалға (ортаға) байланысты.

 

Инновациялықжұмыстар

Оқу процессіндекомпьютерліктехнологияларды пайдалану:

Төрт жыл қатарынан жұмыстың жаңа үлгісін игеру бойынша жұмыс жалғастырылып келеді – «Музыка тыңдау»,«Музыкалықәдебиет» және«Сольфеджио» пәндері бойынша– компьютерлікпрезентация. Осындай жұмыстың үлгісі бір жағынан оқытушыға сабақтарын түрлендіруге көмектеседі, ал екінші жағынан оқушылардың қортындысын шығару үлгісі ретінде, оқушыларға қандай да бір тақырыпқа өз бетінше дайындалуға мүмкіндік береді.

 

Балаларға қосымша білім беру қызметі бірнеше факторлардан тұрады:

1. Бала қосымша білім алу жағдайларында өзін-өзі, өз қалауларын тануға мүмкіндік алады.

2. Бала таңдау еркіндігіне ие болады, сол арқылы оның зияткерлік, жеке, әлеуметтік жоспарларында жеке тұлға ретіндегі бостандығы қалыптасады.

3. Бала өз пікірлестерімен қарым-қатынаста болу қуанышын сезінеді. Бұл – өзара түсінушілікті, әрекеттестікті, позитивті (оң) қарым-қатынасты дамыту жағдайы.

4. Жеке және кәсіби тағдырын шешудің жағдайлары мен алғышарттары жасалады.

Осы айтылғандарға сүйене отыра, нақты қосымша білім беру қызметі балаға өмірде өз жолын табуына әсер ететіндігін атап өтуге болады. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы тағы неде десек ол, жалпы білім берудің вариативтік бөлігін арттыруында және балаларға кәсіп таңдауына көмектеседі, базалық компонентте алған, күштері мен білімдерін іске асыруда ықпал етеді. Әрине олардың барлығы бірдей кәсіпқор музыкант болмайды, алайда БММ оқыған оқушылардың көбісі зиялы тыңдарман және көрермен, зерделі (парасатты) дамыған адам болады, осының барлығы жалпы қоғамда мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

 

 

Біздін сайтқа кіргенінізге рахмет!

 

 

 

Мекен-жайымыз:                                                    Наш-адрес:

ҚР индекс 140014                                                  индекс 140014 РК
Павлодар қ.                                                            г. Павлодар
Кенжекөл ауылы                                                   с. Кенжеколь
Кенжекөл к-сі 5                                                     ул. Кенжекольская 5
эл. мекен-жайы:                                                     эл. адрес:
DMSHK_66@mail.ru                                             DMSHK_66mail.ru
Тел: 8 (7182) 352317                                             Тел: 8 (7182) 352317
факс: 352317                                                          факс: 352317