Рахимова Гульжихан Иляловна
Рахимова Гульжихан Иляловна - оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады;
- мектеп жұмысының БАҚ-та жариялануын қамтамасыз етеді;
- сыныптан және мектептен тыс іс-шараларға, үйірме сабақтарына қатысады, олардың нысаны мен мазмұнын талдайды, талдау нәтижелерін педагогтердің назарына жеткізеді;
- Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының орындалуын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады;
- қазақстандық патриотизмді, интернационализмді, азаматтықты тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;ата-аналарды оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге, ата-аналар патрульінің жұмысына тартуды ұйымдастырады;
- оқушыларды кәсіптік бағдарлау, негізгі және жоғары мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді, сынып жетекшілерінің, басқа педагогтардың тәрбие жұмысы жөніндегі құжаттаманы дұрыс және уақтылы жүргізуін бақылайды;
- кітапхана жұмысын үйлестіреді, оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуіне бақылау жасайды;
- "Рухани жаңғыру" бағдарламасын орындаутәрбие процесінің, үйірмелер жұмысының, мектеп іс-шараларын өткізудің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларға, үйірмелер сабақтарына қатысады, олардың нысандары мен мазмұнын талдайды, талдау нәтижелерін педагогтердің назарына жеткізеді;
- сынып жетекшілерінің, мектептің аға тәлімгерінің жұмысын үйлестіреді;
- салауатты өмір салтын үйлестіру циклінің жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- мектеп мерекелерін өткізумектептің өзін-өзі басқару органдарының (балалар ұйымы, жоғары сынып оқушылары кеңесі) жұмысын үйлестіреді.;
- дарынды оқушылармен жұмысты жүзеге асырады, мектепте және мектептен тыс мекемелерде сабақтан тыс уақытта үйірме, факультативтік жүйенің дамуына ықпал етеді;
