Шахарова Самал Кадырбаевна – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: мектеп жұмысының жылдық жоспарын жасау; «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру; әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасау; ҚР «Тілдер туралы» Заңның орындалуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру; мектеп бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу; мұғалімдерін түрлі деңгейдегі конференция, семинарлар, ашық сабақтар, педоқуларға қатыстыру, өткізуін қадағалау, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату; мемлекеттік тілде БАҚ жұмысын ұйымдастыру; мектеп бойынша тереңдетілген және гимназия сыныптарын ашу, олардың білім деңгейін, сапасын қатаң бақылауға алу; олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыруды,мектеп олимпиадаларын өткізу және қалалық,облыстық олимпиадаларға дайындықты сапалы түрде жүргізуін қадағалау; ҰҚТ, мектепалды даярлық тобының жұмыстарын ұйымдастыру; бастауыш сыныптар бойынша сыныптан тыс жұмыс жүйесін ұйымдастыруды назардан шығармау; бастауыш, қазақ тілі бағытындағы сыныптарда тоқсандық,аралық, қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу, мониторинг жүргізу; бастауыш мектеп бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету; бастауыш сынып, қазақ тілі пәні бойынша КТЖ бекіту.
Шахарова Самал Кадырбаевна
