2018 жылы 30 наурыз күні С.В.Прохоренко және Н.В.Милейко мұғалімдері жаратылыстану-математикалық және политехникалық цикл мұғалімдеріне арналған "Тәжірибедегі кері байланыс" атты тақырыбына тренинг өткізді.
Түркия, Алания қ."Turkish Holiday - 2018" футболдан халықаралық турнирында Павлодар қ. "Ертіс" командасы құрамындағы мектебіміздің оқушылары күміс және қола медальдерінің чемпиондары атанды.
10 "А" сынып оқушысы Шиц Эдуард (2001), 9 "Б" сынып оқушысы Искаков Диас (2002), 6 "Б" сынып оқушысы Савицкий Егор (2006), 5 "А" сынып оқушысы Быховой Илья (2006).
Құттықтаймыз! Жоғары жеңістер тілейміз!
Көктемгі демалыстарда мектебіміздің 2018 жылғы-түлектері ПМПУ Ашық есік күніне қатысты.
№1 мектептің құрама командасы мұғалімдер арасында волейболдан 47 спартакиада қалалық жарыстарына қатысты.
ДТ мұғалімі С.Қ.Қизаттың жетекшілігімен №1 мектептің құрама командасы футбол бойынша қалалық турнирында 3 орын алды. құттықтаймыз!
II дәрежелі дипломмен Қазақ халқының "Дауылпаз ақын ел тақтаны" Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған қалалық Махамбет оқуларының "Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!" номинаясы бойынша Кабдыкәрім Мөлдір марапатталды.
19 наурыз күні мектебімізде "Наурыз" мейрамына арналған мерекелік іс шара өткізілді. Қазақ халқының қолданбалы өнерінің шығармашылық шеберлігін ұсынып, мерекелік ақ дастарқан жайып 5-11 сыныптар өз ауылдарын ұсынды. 5-6 сынып аралығында "Ак дастархан" атты сайыс жүргізілді, онда 6ә сынып оқушылары жеңімпаз атанды. 7-8 сыныптар аралығында ұлттық әндер сайысы өткізілді, 8 "А" сынып жеңімпаз атанды. 9-11 сыныптар аралығында "Қара жорға" ұлттық би сайысы өтті, 11а сынып оқушылары үздік атанды.
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында "Кітапхана-Рухани жаңғыру жолында" атты іс-шара ұйымдастырылды.
2-6 қазақ сыныптарының арасында "Павлодар облысының 80 жылдығына орай" арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі Гульнар Хамитовна Раембекова сүйікті өлкеміз туралы, көрмеге қойылған кітаптар туралы айтты. Негізделу тарыхы мен белгілі адамдар туралы оқушылар зор қызығушылықпен тыңдады.
2018 жылғы 17 наурызда мектептің бастауыш буынында көктем мерекесі "Наурыз" аталып өтті. Әр сынып бір ауыл болып өз өнерлерін көрсетті. ұлттық тағамдар жайылған ақ дастархан, ұлттық киім, ұлттық әндер айтылып өз деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетті. Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын.
2018 жылы 16 наурыз күні «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, Наурыз мейрамын тойлау қарсанында Павлодар қаласы №1 ЖОМ негізінде« Асық ату» және «Тоғызқұмалақтан» жарыс өткізілді.
Іс шараның мақсаты: ұлттық ойындарды дамыту және дәріптеу, өсіп келе жатқан ұрпақ арасында патриоттық сезімді нығайту.
Турнир қатысушылары алдында мектеп директоры А.Ж.Сыздыков сөз сөйледі.
Турнир қонағы Руслан Махмедович Қаирханов болды.
Куаткуль Бекмуратовна Оспанова оқушыларды «Әлемнің жаңа кереметі» және Республикалық интеллектуалдық конкурсына сапалы дайындағаны үшін Алғыс хат және Дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз! Тек алға басыңыз. Әрқашанда жаңа жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне беріңіз
№1 ЖОМ мектеп директоры А.Ж.Сыздыков бастауымен "Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы " бағдарламасы қарастырылған кеңес өткізілді.
№1 мектеп әкімшілігі мен бастауыш сынып мұғалімдері №27 мектептің шағын орталығында сөз сөйледі. Ата-аналар мектептің жетістіктері мен перспективасымен таныс болды.
"Әдістемелік-дидактикалық құрал-2018" авторлық бағдарламасы жеңімпаздарын құттықтаймыз.
№1 ЖОМ директоры- Сыздыков Азамат Жанайдарұлы, бастауыш сынып мұғалімі- Оспанова Куаткуль Бекмуратқызы, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі- Сагумбаева Асель Аманжолқызы, дене тәрбиесі мұғалімі- Воронова Лариса Ивановна.
Құттықтап, биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз.
2018 жылғы 5 наурызда бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
2-4 сыныптардың 15 оқушылары әр түрлі тақырыпта өздерінің зерттеулерін ұсынды.
№1 Жалпы орта білім беру мектебінде 12 наурыз күні 5-9 сынып оқушылары арасында мектепшілік "Махамбет оқулары" өткізілді. Жауынгер рухты, өр ақынның өлендерін жаттап, ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды. Олар: 5 "Ә" сынып оқушылары Батырхан Нұрайым (1 орын), Қабдыкәрім Мөлдір (1 орын), Сарсенғали Аида (3 орын).
Дене тәрбиесі мұғлімі Қизат Саят Қизатұлы Қазақстан Республикасы VII
Қысқы Универсиадасы - 2018 өткізуінде елеулі үлес қосқаны үшін ҚР БжҒМ және ДТ ҰО мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Рухани жаңғыру" шеңберінде №19 ЖОМ 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында мини-футболдан қалалық турнир өткізілді. Дене тәрбие мұғалімі С.Қ.Қизаттың жетекшілігімен біздің мектеп командасы белсене қатысты.
