Телефон доверия
321242
Адрес: Лермонтова 98/1а
556978,550933
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
ІІ и ІV неделя каждого месяца в среду с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Көңілді старт
04-04-2013 10:00
Көңілді старт

Адамның ең басты байлығы денсаулық, сондықтан балабақшада дені сау баланы тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Дені сау, мықты, шымыр болып өсуге спорт көмектеседі. сол себепті жыл бойы балабақшада спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, өткізіледі. Осы жолы "Көңілді стартты" № 85 балабақшасымен № 28 балабақшасы бірігіп өткіздік.

Жарысқа даярлық топтардан үш команда қатысты, олар "Адал достар", "Комета", "Молния". Алдымен командалар бір бірімен сәлемдесіп, девиздерін айтты, командаларымен таныстырды.

Жарыс барысында балаларға  күш, шапшандық, ептілік қажет болды, Барлық командалар тырысып, жеңістеріне қуанып, бір-бірін қолпаштап тұрды.

Конкурстар арасында өнерлі ұлдар мен мың бұралған қыздар би билеп балалардың көңілдерін көтерді.

Әр команданың жанкүйерлері қолпаштап, демеп отырды.

Командалар "Ең епті", "Ең мықты", "Ең жылдам" номинацияларымен марапатталды.