Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Біздің балабақшамыздағы ортаңғы "А", "Ә" топтарында "Жасыл шырша жанында" тақырыбында мерекелік ертеңгілік өтті. Жаңа жыл тақырыбында әндер, әр түрлі билер орындалып, қызықты ойындар ойналды.