Бақшамызда 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай "Ғажайып ғарыш" тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке ортаңғы, ересек , даярлық топ тәрбиеленушілері қатысты. Музыка жетекшісі Баймурат Дария слайд арқылы балаларға ғарыш әлемімен таныстырып,ғарышкерлер жайлы мағлұмат берді. Ертеңгілік "Ғажайып ғарыш" сайысымен жалғысты. Сайысқа ересек ,даярлық топтары қатысты. Сайыс барысында балалар әр түрлі тапсырмалар орындап, өздерінің алғыр, тапқыр екендіктерін көрсетті. Даярлық "А" тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!!!