Күн күлімдеп, нұрын шашар, шуағын Құтты болсын Наурыз айы,қадамың Бүгін бізде салтанат,қызық думан Халқым-ау құтты болсын жаңа жылың. Бүгін бақшамызда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне "Бақ берекем, құт берекем, Әз Наурыз" атты Ересек,Даярлық топтарына арналған ереңгілік өтті. Мерекеде Күн ана, Ару көктем, Наурыз батыр, Шығай бай, Алдар көсе қонақ болды. Балаларға қазағымыздың салт дәстүрін дәріптеу мақсатында "Айтыс" өнері, ұлттық "Қыз қуу" ойыны көрестілді.Мереке барысында балалар айтысып, ойын ойнап, ән айтып, "Бәйге", "Қызғалдақ" билерін билеп өз өнерлерін ортаға салды. "Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер" демекші, мереке соңында ақ жаулықты әжеміз бата беріп, мерекелік шашу шашты.