Бүгін 29.01.2016 жыл балабақшамызда тәрбиешілер, педагогтар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруда " Көңілді жарыс" спорттық ойыны өткізілді. Жарысқа "Жұлдыздар" және "Бәйтерек" топтары қатысты .Жарыс 8 кезеңнен құралды. Қатысушылар әр кезеңдерде өз шапшаңдықтарын,ептіліктерін, жүйріктіліктерін көрсетті. Жанкүйерлер де би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Жарыс барысында "Жұлдыздар" тобы жеңіске жетті. №28 сәбилер бақшасының басшысы Ж.А.Мухтаева қатысушыларды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Жарайсыңдар, Құттықтаймыз!!!