Халықаралық отбасы күні
15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін тойлау шегінде мамырдың 13-23 күндері аралығында ата-аналар жұртшылығын, балалар құқығын қорғау Департаменті өкілдерін шақыруымен тәрбиелік іс-шаралар онкүндігі жүргізіледі. Сынып сағаттары, конкурстар, «Әйел отбасы тірегі – мемлекет тірегі» тақырыбына дөңгелек үстел , «Аяулы ана!» суреттер конкурсы қарастырылған іс-шаралар жоспары әзірленген.
13 мамыр күні 3-4 сыныптар параллелінде «Біз – тату, спорт жанұямыз!» спорттық шаралар өткізілді. Ата-анлар мен балалар түрлі сайыстарға қатысып өздерінің пысықтылықтарын, жылдамдықтарын, дәлдіктерін көрсетті, ал ең бастысы біз бірыңғай үлкен мектеп отбасы екенін көрсетті!